Психологпен "Балалар құқығы - адам құқығы" тақырыбына сұхбат сағаты өткізілді
Бүгін 3 "В" сыныбында психологпен "Балалар құқығы - адам құқығы" тақырыбына сұхбат сағаты өткізілді. Оқушылармен Қазақстан Республикасында балалардың қандай құқықтары бар екендігі туралы әңгіме жүргізілді. Әңгімеден кейін оқушылар, балалардың қандай құқықтары бар екендігі туралы суреттер салды. Балалардың көбісі суреттерінде 8, 15, 19, 25-баптарды көрсетті.
8-бап. Баланың денсаулық сақтау құқығы.
15-бап. Білім алу құқығы.
19-бап. Баланың демалуға және бос уақытын өткізуге құқығы.
25-бап. Баланың ата-анасымен тұру құқығы