"Менің елім, менің Отаным, менің Қазақстаным"
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында № 29 ЖОМ ММ акт залында мерекелік концерт өтті. Іс-шараның басты мақсаты-еліміздің мемлекеттік мерекелері мен маңызды оқиғаларына деген қызығушылығын арттыру. Мектеп оқушылары, түрлі ұлттардың балалары өздерінің ұйымшылдығын, Отанға деген сүйіспеншілігін көрсетуге тырысты.
Өз билері мен әндерінде балалар ұлттық бірлік, патриотизм рухына қол жеткізе алды. Концерттің барлық қонақтарына қазақ халқының бостандық пен тәуелсіздік туралы армандары көрсетілген тарихи фильм көрсетілді. Баршаңызды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз!