« Географтардың зияткерлік сайысы»
2019 жылғы 11 ақпанда Абай атындағы №10 мектепте дарынды балалар арасында география пәні бойынша VІІІ облыстық юниорлық олимпиада өткізілді.
Аталмыш сайыстың үздігі 8 в сынып оқушысы Наиль Молдабаев.
«Мен үшін бұл сайысқа қатысу үлкен жетістік. Біріншіден, маған ол өте ұнайды. Екіншіден, өз білім деңгейімді тексеру мен үшін өте маңызды. Сайыстағы тапсырмалар өте қызықты болады, тапсырманың шешімін табу жолында жасампаздық пен тапқырлықты таныту қажет», -дейді Наиль.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша Молдабаев Наильге құрмет грамотасы табысталды.
Құтықтаймыз, келешекте шығармашылық табыс тілейміз!