2019 жылдың 27 ақпан күні Павлодар қаласының №29орта мектеп ұжымының ұйымдастыруымен «Оқушының өзіндік жеке қасиеттерін тәрбиелеудегі рухани-өнегелі тәрбие берудің мәні»атты семинар өткізілді.
Барлық қатысушыларға мектеп ішіндегі атмосфера ерекше ұнады. Негізгі кіре берісте қонақтарға бірден көзге түскен «Шаңырақ» облыстық жобасына оқушыларымыздың дайындалған киіз үйлер көрмесі болды.
Семинардың теориялық бөлімінде мектептегі тәрбие беру жүйесі мен «Рухани жаңғыру» жобасы туралы айтылды. Семинардың тәжірибелік бөлімі «Ата-аналармен жұмыс жасаудағы белсенді формалар» педагогикалық кафе ретінде өткізілді. Ұйымдастырушылары - психолог О.В.Стулова мен әлеуметтік педагог В.Г.Хуако.
Практикалық бөлімі аяқталғаннан кейін семинар қатысушылары оқушының рухани-өнегелі тұлғалық қасиеттерін дамытуға бағытталған секциялар мен түрлі мастер-класстарға белсенді қатысты. Соның ішінде «Интернет: қарсы не қарсы емеспін» ток-шоу Р.Н.Мусралинова, «Заманауи музыкалық кеңістік жастар көзімен» формалды емес сұхбат ретінде өткен шараны Б.Д.Сапанов,О.А.Омаров, В.Г.Хуако, О.В.Стулова мұғалімдері ұйымдастырды. «Жақсылық, махаббат, қайырымдылық» әңгімелесу сағатын кітапханашы О.П.Букина, «Ұлттық тәрбие» сынып сағатын А.А.Исполова өткізді. «Жақсылық жолымен» - Э.Г.Дубовскаяның сынып сағаты, И.Тургеневтің «Муму» повесі бойынша «Кім кінәлі» сот-сабағы, « Family day» - шараларын А.Ж. Бухпанова, С.Б. Булатова, « Оқушының рухани-өнегелі болуына күнделіктің алатын орны» - Д.Е.Мукушева мұғалімі өткізген болатын.
Шағын үзілістен кейін И.Г.Бабенко, Н.В.Чернышева дайындаған дәстүрлі әдебиет кейіпкерлерінің балынан үзінді қойылып, көрерменнің көңілінен шықты.
Семинарды қорытындылай келе, семинарда көтерілген сұрақтар өзекті болып, талқылау барысында қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді. Шынында да өскелең ұрпаққа жақсылық, махаббат, адамгершілік-рухани тәрбие беру өте маңызды процесс.