Ұлы Жеңіс күніне орай мерекелік концерт өтті

Біздің мектебімізде Ұлы Жеңіс күніне орай мерекелік концерт ұйымдастырылды. 9 Мамыр - Ұлы Жеңіс мерекесі, біз үшін қасиетті күн. Бұл мерекені жылдан жылға тойлай келе, өскелең ұрпаққа бұл айтулы оқиғаны ұмытылмастай есте қаларлық күн деп сақтауымыз керек.
Айтулы мерекелік концертті 9 «б», 9 «в», 10 «б» сынып оқушылары сынып жетекшілері Г.К.Хасенова, Ш.С.Маканова, Г.К.Адильхановамен бірге дайындады.