2019 жылдың 22 қарашасында Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінде жалпы білім беру жобалары бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының облыстық кезеңі өтті.
Байқау қорытындысы бойынша 9в сыныбы оқушысы Трунилина Альбина және Мартынов Илья 3 дәрежелі дипломдармен атап өтілді (ғылыми жетекшісі Твардовская Т.Н.).
Альбина «Молекулярлық тамақ дайындау технологиясы негіздерін жасау» тақырыбындағы жобасын ұсынды. Альбина өз жұмысында үйде дайындалатын молекулярлық тағамдар, десерт - жеміс-жидек және жидек спагеттиін дайындауға арналған рецепт пен технологияны ұсынды.
Илья болса өзінің «Коррозиямен қарсы күресте өсімдік ингибиторларын қолдану» ғылыми жобасында белгілі бір өсімдіктердің сығындылары коррозия процестерін баяулатуы мүмкін, яғни коррозиямен күресу үшін органикалық ингибиторларды қолдануды ұсынды.
Құттықтаймыз, тестілеуде жеңіс тілейміз!