ҮЗДІК
"Педагогикалық идеялар фестивалі - 2020" республикалық байқауында Павлодар қаласының №29 ЖОМ информатика пәнінің мұғалімі Анна Викторовна Скляренко жұмыс тәжірибесімен бөлісті.
Мұғалім көптілділікті енгізу шеңберінде "Бастаушыларға арналған информатика" таңдау курсының авторлық бағдарламасын, ағылшын тілін қолдану арқылы пәнді оқытуда оқушылардың уәждемесін арттыруға ықпал ететін тәжірибелік жұмыстарын ұсынды.
Байқау қорытындысы бойынша мұғалім жұмысы 2 дәрежелі дипломмен марапатталды.
Құттықтаймыз, алдағы уақытта табыстар мен жеңістер тілейміз!