Сенім телефоны
8 (7182)319268
email: sosh31@goo.edu.kz
Мекенжайы: Космонавтов көшесі 1
8 (7182)319268
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дұйсенбі - 15.00 -17.00 Сәрсенбі - 15.00 -17.00 Жұма - 15.00 -17.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Шуақты жаз
09-07-2012 07:24

 

      Павлодар қаласы №31 орта мектебінің «Балдәурен» жазғы профильді лагерінде және ЖШС «Рубиком» кәсіпорнында жұмыс істеп жүрген мектеп оқушылар үшін 2 маусым өтіп жатыр. Лагерьде жоғарғы сынып оқушыларының бос уақытын және жазғы демалысын ұйымдастыру мақсатында түрлі үйірмелер мен клубтар жұмыс істейді. Тәрбиеленушілер «Жеткіншек» клубына, «Табиғат тынысы» экологиялық клубына, «Оригами әлемі»  үйірмесіне қатысып өздері таңдаған бағыттарда еңбекпен айналысады. Сондай ақ мектеп жанындағы спорт алаңында сүйікті спорт түрлерімен шұғылданады. 

      Жуырда лагерь педагогтары мен тәрбиеленушілері «Астана күніне» арналған апталық жоспарлап, түрлі шаралар өткізді. Мемлекеттік рәміздер тақырыбына арналған «Таңғажайып алаң» ойыны балаларды жайбарақат қалтырмад.  «Астана- Отанымның жүрегі» аталған шығармалар конкурсы жарияланып, оригами жұмысы мен табиғат сұлулығын бейнелеуге арналған көркем фотосуреттер көрмесі жасалды. «Бір шаңырақ астында» тақырыбымен өткізілген концерттік бағдарлама көрермендерді мазмұндылығымен риза етті . Педаготтар мен оқушылар командалары волейболдан сайысқа түсіп, ойын оқушылар командасының жеңісімен аяқталды.

     Апта қорытындысында «Фантазия» және «Шымыр» топтары үздік шығып, грамоталар және сыйлықтарға ие болды.

      Жаз қызығы әлі алда. Тәрбиеленушілерді жорықтар мен экскурсиялар, спорттық және шынықтыру бағдарламалары күтеді.