"Тұған тілім -өз тілім"
№ 31орта мектебі бойынша «Тілдер апталығы» мерекелік шерумен басталды. Қазақ тілінен 5-6 сыныптар аралығында «Ұшқыр ой мен шешен тіл», 8-9 сынып оқушылары мәнерлеп оқудан сайысты. Орыс тілінен «Знай и правильно применяй фразеологизмы» атты викториналық сұрақтар оқушылардың орыс тілі тарихы бойынша қызығушылықтарын арттырды. «В стране английских слов» ағылшын тілінде өткізілген іс- шарада қатысушылар үш тілді меңгергендігін көрсете білді. Бастауыш сыныптарда «Тіл асыл қазына» атты мәнерлеп оқудан сайыс өткізіліп, апталық соңы марапаттау кезеңімен аяқталды. Тілдер апталығы оқушылар үшін өте қызықты өтті.