Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8 (7182)319268
email: sosh31@goo.edu.kz
Адрес: Космонавтов көшесі 1
8 (7182)319268
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Дұйсенбі - 15.00 -17.00 Сәрсенбі - 15.00 -17.00 Жұма - 15.00 -17.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
бастауыш сынып мұғалімі Олжаева Мырзакуль Олжақызы семинар және ашық сабақ берді
26-12-2013 09:50
бастауыш сынып мұғалімі  Олжаева Мырзакуль Олжақызы семинар және ашық сабақ берді

Павлодар қаласының №31 жалпы орта білім беру мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

 Олжаева Мырзакуль Олжақызы семинар және ашық сабақ берді

 

Бәрімізді бүгінгі таңда алаңдататын мәселе – жас ұрпақтың сапалы білімді игеруі. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Білімді, сауатты адамдар-бұл ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші» деуінің өзі- үлкен көрегендіктің белгісі.

Ұлтымыздың тірегіне айналар ұрпаққа деген көзқарас Елбасымыздың білім саласына ерекше назар аударуымен айқындалып отыр.

Өзекті мәселе – жас ұрпақтың Елбасы бастаған көш-керуенге кідіріссіз ілесуі. Ілесе алмаса-бізге сын. Халқымыздың тағдыры, еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында.

Бағдарлама құзырлы мұғалімнің алдына оқушының жан дүниесін жақсы түсіне білу жөнінде нақты міндеттеме қойып отыр. Құзырлы оқытудың маңызды факторы - мұғалімнің оқушының тақырыптың мәнін өз бетімен меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы болып табылады. Мұндай тәсіл бұл үдеріске оқушының өзінің де қатысуын талап етеді. Осылайша, оқушы да өзінің оқуы үшін жауапты болады. Оқушы мұндай жауапкершілікті көбіне сабақ беру барысында мұғалім қалыптастыратын ортада сезініп, қабылдайды.

 Біліктілікті арттыру бағдарламасының негізгі мазмұны 7 модуль түрінде берілген:Семинар«Білім берудегі жаңа тәсілдер 7 модуль бойынша» оқылды.  1 жыл ішінде қандай нәтижеге жеткені жөнінде айтылып өтті және осыған байланысты практика жүзінде көрсетілді. Сондықтан қазіргі заманда жаңа технологиямен жұмыс істеу жөнінде көптеген жаңа тәсілдерді қолдана білу.