«Павлодар қаласының №31 орта білім беру мектебі» ММ
“ 1 Мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі” атты мерекелік іс- шара бастауыш сыныптар арасында өткізілді
Тәрбие сағатының басты мақсаты: Жас ұрпақты тарихи-мәдени және рухани құндылықтарды бағалауға үйрету. Оқушыларға Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлау, сөйлеу қабілеттерін, шығармашылықтарын дамыту болды. Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Оқушылардың бойына ұлттық рухты, патриоттық сезімдерді ұялату, ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Қазақстан Республикасында қазіргі таңда 130-дан астам ұлттар мен ұлыстар мекендейді.Тарих көшінің белгілі бір кезеңінде тағдыр тауқыметін арқалап, солақай саясаттың құрбанына айналып, елімізге келіп қоныстанған ұлттар мен ұлыстар үшін қазақ жері киелі алтын бесікке айналды.
Бұл мерекелік іс- шараға оқушылар белсене қатысып бірлік, ынтымақ, туралы тақпақтары мен мақал – мәтелдерін айтып , достық жайлы әндерін шырқады.
Тәрбие сағатымыздың қонағы мектеп кітапханашысы Искакова Р.К келіп оқушылардың белсене қатысып, қызығушылықтарын арттырғандарына ризашылығын білдірді.