Құлақтан үнің кетпестей,Сыңғырла, соңғы қоңырау!»
Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасын имене аттаған ұл-қыздарымыз ойы толып, бойы өсіп, алтын ұя мектептерімен қоштасты
Жүректің өмірлік құштары гүл,
Бағбан ұстаз баулыған құстары бұл.
Қоштасып бүгінгі күн ұясынан,
Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр, - деп алтын ұямектебінің табалдырығынан үлкен өмірге ұшқалы отырған мектеп бітірушітүлектерімізді құрметтеп шығарып салдық!