Ұлтымыздың болашағы- жастардың қолында
Елбасымыздың саясаты аясында 2010 жылғы «Балапан» бағдарламасын іске асыру мақсатында Ленин кентінің №31 мектебінде 1- қыркүйекте шағын орталығымыздың тұсауы кесілді. Онда 25 бүлдіршіннен құралған қазақ тілінде тәрбие алатын бір топ. Орталықта балалар жастайынан әр түрлі мамандықтарға баулынады. Баланың жан-жақты дамуына әр түрлі сабақтар жүргізіледі.Олар үшін арнайы жабдықталған ойын бөлмесі мен ұйықтайтын бөлме бар. Шағын орталығымыз бүлдіршіндерді қабылдауға толық дайын.
Бұл бағдарлама балалардың жақсы тәрбие алып, болашақта жақсы азамат болуына ықпал етеді.