Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
337250
Адрес: Посёлок Атамекен, ул.Ахмета Байтурсынова,14
337303
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
среда 15.00-18.00
За год0
За месяц0
За неделю0
Вчера0
«Қызғалдақтар» клубы — ұлттық құндылықтар жаңғыртылатын ерекше орта
01-12-2025 20:13
«Қызғалдақтар» клубы — ұлттық құндылықтар жаңғыртылатын ерекше орта
«Қызғалдақтар» клубы — ұлттық құндылықтар жаңғыртылатын ерекше орта
 
1 желтоқсанда мектебімізде «Адал азамат» бағдарламасы аясында жаңа тәрбие орталығы — «Қызғалдақтар» клубының ашылуы өтті.
 
Клуб жетекшісі — Мусинова Рысты Альмухамбеткызы,
 
-Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі
-Педагогикалық еңбектің ардагері
-Атамекен ауылының Ардагерлер кеңесінің белсенді мүшесі
-«Қазақ аналары – дәстүрге жол» қоғамдық бірлестігінің белсенді мүшесі
 
Клубтың мақсаты:
Қыз балалардың бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыру, инабаттылыққа, әдептілікке, мінез мәдениетіне, ішкі сұлулық пен жауапкершілікке тәрбиелеу — қазақ қызына тән асыл қасиеттерді дамытуға жағдай жасау.
 
Жұмыс бағыттары:
-Тәрбиелік: мінез-құлық нормалары, этикет, сөйлеу мәдениеті
-Ұлттық: салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар, қолөнер
-Шығармашылық: өнер, сәндік-қолданбалы шығармашылық, сахналық қойылымдар
-Психологиялық: өзін-өзі тану, тұлғалық даму
-Әлеуметтік: қыздың қоғамдағы рөлі, отбасы құндылықтары
 
«Қызғалдақтар» клубы — қыз балалар өз таланттарын ашып, рухани құндылықтарын нығайтып, жан-жақты дамитын тәрбиелік кеңістікке айналмақ.
                 https://www.instagram.com/p/DRt4w-bCOie/?igsh=aHprNmgxOXNldHZl