«Біртұтас Жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ»
«Біртұтас Жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ»
1 желтоқсан күні біздің мектебімізде бірлікке, жауапкершілікке және бейбітшілікке арналған бірыңғай құндылыққа бағытталған сынып сағаты өтті.
Оқушылар келесі ойлармен бөлісті:
-біз бір планетада өмір сүріп, оның болашағы үшін жауаптымыз;
-құрмет, адалдық және өзара қолдау — «Адал азамат» бағдарламасының маңызды құндылықтары;
-әрбір жақсы іс — біздің ортақ әлемімізді жақсартуға қосқан үлес.
Бастауыш сыныптарда балалар «Жақсы істер ағашын» құрастырып, сурет салып, достық туралы пікір алмасты.
Орта және жоғары сыныптарда жаһандық азаматтық, жеке жауапкершілік туралы пікірталастар, жобалар және шығармашылық тапсырмалар ұйымдастырылды.
Негізгі ой: болашақ — біздің қолымызда. Ол біздің күнделікті таңдауымыз бен әрекетімізден басталады.
https://www.instagram.com/p/DRtwUegCLBj/?igsh=MWh2M2NsdWc4cjRsbA==
