«Мақтанышым –Тәуелсіз Қазақстан»
3 «б» сыныбында «Мақтанышым –Тәуелсіз Қазақстан» атты әдеби- музыкалық кеш ұйымдастырылды. Бұл іс шараның көрермені мектеп педагогтары және сыныптың ата –аналары болды. Кеш бейне баянның көрсетілуімен басталды. Бұл кештің мақсаты: туған елімізге адал қызмет етуге тәрбиелеу, биік шаңырақ астында туған жер, туған қалаға деген сүйіспеншіліктерін арттыруға баулу, ата-ана, мектеп, бала, ұстаз арасындағы сабақтастықты жалғастыру. Іс- шара барысында балалар өлеңдерін айтып, әндерін орындап, ел, жер тарихын ортаға салды.