2017ж 16 қаңтар күні мектебімізде "Патриоттық тәрбие – «Мәңгілік ел» идеясындағы рухани-адамгершілік тәрбиесінің негізі" педагогикалық кеңес өтті.Мәңгілік елге айналу үшін тәуелсіздікті сақтап, елдігімізді нығайту басты мақсат болып табылады. Өйткені, тәуелсіздік ұғымыхалқымыздың мұраты, ғасырлар бойғы арманына айналған, сонау алаш тұлғаларының зердесі мен өнегесімен келген аманат дүние болатын. «Мәңгілік ел» - ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы.Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатынТәуелсі мемлекет атану еді. Ол арман – тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытт ел болу еді. Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік елдің іргетасын қаладық.Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – Мәңгілік ел идеясы.Өз Отанына, отбасына, табиғатына деген махаббат арқылы нағыз азаматты тәрбеиелеуге болады. Біз, педагогтар, еліміздің рәміздеріне деген құрметті тәрбиелеуіміз керек, оның мағынасын және алатын орныны түсіндіруіміз қажет.