Сурет көрмесі
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай 7 желтоқсан күні №33 ЖОМ мәжіліс залында көркем мұражай көрмесі өткізілді. Көрмеге Павлодар қаласындағы жас суретшілердің жұмыстары ұсынылды. Суреттер майлы бояулармен салынған. Мұражай жетекшісі әр суретті қызықты түрде таныстырып өтті. Көрме оқушыларға өте қатты ұнады.
