Пресс-конференция
12 наурызда мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті пәні апталығында пән мұғалімі Д.Айтжанованың ұйымдастыруымен «Қасым Аманжолов – қыран қанатты ақын» атты пресс-конференциясы өтті. Пресс-конференцияға 7а,7б-сынып оқушылары қатысты. Оқушылар ғалымдар, композитор, тілшілердің рөлдерін сомдады.Оқушылар ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған баяндамалар оқыды. 7а-сынып оқушысы Елтін Рауан ақын өмірін зерттеп, слайд арқылы жұртшылыққа ұсынды. Оқушылар ақын өлеңдерін жатқа оқыды. Конференция соңында Қазақстаннан және шетелден келген «тілшілер» сұрақтарын қойды.
