Қазақ тілі мен әдебиет пән апталығы.
«Тіл – аса қадірлеп ұстайтын байлығымыз» -деп Ғабит Мүсірепов айтқандай, жылдағы дәстүр бойынша біздің мектебімізде наурыздың 9-16 аралығында «Мәңгілік ел-мәртебелі тіл» атты қазақ тілі мен әдебиет пән бірлестігінің ұйымдастырылуымен апталықтың ашылуы өткізілді. Салтанатты шеруде мектеп оқушылары тіл мәртебесін асқақтататын өлеңдер оқыды.
