«ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ:МАХАББАТ ПЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫ» атты іс-шара туралы мәлімет
2015-2016 оқу жылының 2-12 ақпан аралығында 1-10 сынып оқушыларының қатысуымен «Өзін-өзі тану:
Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты тақырыбында онкүндік өткізілді.
Онкүндіктің мақсаты: Оқушылардың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді дарыту, пән мұғалімдерінің өзара іс-тәжірибе алмасуына жағдай жасау.
2 ақпан күні 5-9сыныптар арасында онкүндіктің ашылуына орай саптүзеу өткізілді. Ашық сабақтар әдістемелік тұрғыдан дұрыс құрылған, оқушылардың рухани-адамгершілік қасиеттерін дамытуға бағытталған жұмыс түрлері қамтылып жатыр.
3 ақпан «Мейірім төгетін ана» тақырыбына кітапханашы Д.Ж.Адамова көрме ұйымдастырды. Кітап көрмесінде Сара Алпызқызының суреті мен жазған кітаптары көбірек қойылды. Кітап көрмесінің мақсаты ана мен бала арасындағы шексіз махаббатпен сүйіспеншілікті дәріптеу еді. 4 ақпанда жоспарға сәйкес «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігі аясында өзін-өзі тану мұғалімі Г.Ә.Қожакеева « Жылы жүрек – жақсы тілек» тақырыбы бойынша 3 «а» ашық сабақ өткізді. Ондағы мақсат: оқушыларды жақсы сөздер айтуға , мейірімділікке, кішіпейілділікке және олардың бойынан осы қасиеттерді дарытуға бағыттар беру. Сабақ барысында әр түрлі тәсілдер қолданылды және соңында балалар өз тілектерін «Тілек ағашына» жазды. Сынып оқушылары сабаққа белсене қатысып, өз ойларын ашық айта білді.
5 ақпанда 2-4 сыныптар арасында «Мен бақытты баламын!» атты суреттер сайысы болды. Оқушылар әртүрлі суреттер салып белсене қатысты. Атап айта кететін болсақ осы сайысқа 2 «а», 2 «ә», 2 «б», 2 «в», 3 «в», 4 «в» сыныптары жақсы өнер көрсетті. 8 ақпанда «Алтын жүрек анамыз
» тақырыбында мәнерлеп оқудан сайыс болды. Сайысқа 2-7 сынып оқушылар ы қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Әсіресе 4 «б»,4 «г», 4 «в» ,5 «а», 2 «ә», 2 «в», 2 «г» , 3 «а», «б», және 3 «г» сынып оқушылары өлеңді мәнерлеп оқудан белсенділік танытты. 9-ақпанда «Өзін-өзі тану» пәні бойынша «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты онкүндігіне орай 1 сыныптар арасында « Дос болайық бәріміз!» атты шаттық шеңбері ұйымдастырылды. Бұл шараның негізгі мақсаты : оқушылардың бойына сыйластық , достық, ынтымақтастық қасиеттерін дарыту. 10 ақпанда 5 сыныптарға
«Жаным толған жақсылық» атты видео үзінді көрсетілді. 10 ақпан күні мектебімізде «Өзін-өзі тану» онкүндігіне байланысты 2-8 сыныптар аралығында «Ән - көңілдің ажары» атты музыкалық кеш өтті. Мақсаты: Оқушылардың музыка сабағынан алған білімдерін дамыту, өнерге деген қызығушылықтарын арттыру, қазақ халқының ән - би, күйлерін бойларына сіңіру, қазіргі таңдағы өнерге деген көзқарастарын қалыптастыру. Шапшаңдыққа, алғырлыққа тәрбиелеу. Жақсы өнер көрсеткен сыныптар 2 «ә», «б», 4 «а»,4 «г», 5 «а», 6 «а», 7 «а» және 8 «б ». 11 ақпанда бастауыш сыныптарға арнап Е.А.Скворчевская «Бес құндылық» туралы көрініс ұйымдастырды. 12 ақпан күні «Өзін-өзі тану» пәнінің авторы , ҚР бірінші ханымы Сара Алпысқызы Назарбаеваның туылған күніне орай 1-11 сыныптар аралығында сынып сағаттары өткізілді және осы күні "Күлкіден күн мейрімді болады» атты Қорытындыконцерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Жауапты өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Г.Ә. Қожакеева Сонымен қатар апталықтың жабылу салтанаты болып, жақсы суреттер, ән байқауы мен мәнерлеп оқуға белсене қатысқан оқушылар аталып өтілді. 11 ақпанда бастауыш сыныптарға арнап Е.А.Скворчевская «Бес құндылық» туралы көрініс ұйымдастырды. 12 ақпан күні «Өзін-өзі тану» пәнінің авторы , ҚР бірінші ханымы Сара Алпысқызы Назарбаеваның туылған күніне орай 1-11 сыныптар аралығында сынып сағаттары өткізілді және осы күні "Күлкіден күн мейрімді болады» атты Қорытындыконцерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Жауапты өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Г.Ә. Қожакеева Сонымен қатар апталықтың жабылу салтанаты болып, жақсы суреттер, ән байқауы мен мәнерлеп оқуға белсене қатысқан оқушылар аталып өтілді. Апталықта жоспарланған іс-шараның барлығы өткізілді. Сабақ барысында мұғалімдер қосымша материалдар, слайдтар қолданып, сабақтар өте жақсы дәрежеде өтті. Мұғалімдер де, оқушылар да апталық барысында белсенділік танытып, шығармашылықпен жұмыс жасады. Әсіресе 1-4 сынып оқушылары белсенділік танытып, шығармашылықпен жұмыс жасады.