Сенім телефоны
337250
email: school33kz@mail.ru
Мекенжайы: Байтұрсынов, 14
337303
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Қысқы ойындар апталығы»
05-02-2016 09:27
«Қысқы ойындар апталығы»
2016 жылғы 25-30 қаңтар аралығында мектебімізде спорттық-жиындық шаралар «Қысқы ойындар апталығы» өткізілді. Осы шараға 630 оқушы қатысты. Барлық 1-11 сыныптардың оқушылар барлық жарыстарға белсене ат салысты: 25 қаңтар күні 1-2 сынып оқушылары сынып жетекшілерімен бірге спорт алаңында, футбол шағын алаңында қимыл-қозғалыс ойындарын ойнады: «Мысық пен тышқан», « Аңшылар мен үйректер», футбол. 26 қаңтар күні сағат 15.00-де ДТ мұғалімі Қ.Р.Тнеева 3 сынып оқушыларының арасында спорт алаңында шаналармен эстафета өткізді, бұл сайыста оқушылар қызыға шана теуіп, клюшкамен шайба жүргізді, соңында қатысушылар жеңісеріні тең бөлісті. 27 қаңтар күні сағат 15.00-де С.Ш.Қайдаров 7-8 сыныптар арасында хоккей алаңында хоккейдан жарыс өткізді. 28 қаңтар күні сағат 17.00-де спорт алаңында ДТ мұғалімі К.А.Иманахметов 4-5 сыныптар арасында қысқы эстафета өткізді. Бағдарламада балалар шаңғы теуіп, клюшкамен шайба жүргізді, бөгеттер арқылы жүгіріп, арқан тартысты. 29 қаңтар күні сағат 15.00-де Б.М.Кәріпова 8-11 сынып оқушылары қатысқан шаңғы жарысын өткізді. Барлық сыныптар жарысқа белсене қатысты. Уақыт бойынша жоғары нәтиже көрсеткен мына оқушыларды атап өткен жөн: Е.Цай, Д.Шевелев, И.Гусейнов, Р.Гусейнов, Д.Ганжуев, Қ.Тлеуғабыл, М.Кистер, Е.Болатқожин, Б.Бердімұрат, А.Бокк. 30 қаңтар күні кіші залда 9-11 сынып оқушылары қатысқан ату бойынша жарыс ұйымдастырылды. Жарысты ДТ мұғалімі Қ.А.Иманахметов өткізді. Жоғары ұпай жинап жақсы көрсеткіш көрсеткендер: Г.Саматова, В.Хлебникова, Е. Цай, А.Кравцов. Сайыстар жақсы деңгейде өткізіліп, оқушылар барлық сайыстарға белсене қатысты, жоспарланған барлық спорттық-жиындық шаралар өткізілді. DSCF0036 DSCF9893 DSCF9902 DSCF9912 DSCF9956 DSCF9986 DSCF9970 DSCF9990