Қазақ тілі пәнінің апталығы

№33ЖОМ- те "Қазақ тілі және әдебиет" апталығы аясында, қазақ тілі мұғалімі А.А.Қуямбаева мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаевты еске алуға арналған "Бір өлеңі - бір елдің мұрасындай" әдеби -сазды кеш ұйымдастырды. Кешке 4-10 сынып оқушылары белсенді қатысып, ақынның өлеңдерін оқып, өлеңдеріне жазылған әндерді орындап, "Аққулар ұйықтағанда" поэмасынан үзінді көрсетті.