Сенім телефоны
337250
email: school33kz@mail.ru
Мекенжайы: Байтұрсынов, 14
337303
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
"СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ"
25-05-2019 18:08

Қымбатты ұстаздар! Құрметті мектеп түлектері! Қадірлі ата – аналар және кеш қонақтары!

 

Әр кезде де мектеп өмірінде ұстаз үшін де, шәкірт үшін де аса қадірлі көрінер, соның ішінде ұстаздың да, шәкірттің де көңілін босатып, жан – жүйесін иер, сөйтіп бір беймаза толқынысқа түсіріп, көңіл құсын аспанға шарықтатар соңғы қоңырау салтанатының орны бөлек екендігі даусыз. Соңғы қоңырау. Қарапайым ғана естiлер осы бір сөзде, шындығына келгенде, қаншама тылсым да мағыналы құдірет жатқандығын аңдаған жан ғана түсінер. Өйткені бұл бала шәкірттің дана ұясынан жез қоңырау үнін соңғы рет есту сәті ғой. Солай десек, соңғы қоңырау балаң түлектің қимас көз жасы, солай десек, соңғы қоңырау талапты шәкірттің болашаққа деген іңкәр арманы, не дегенмен де ол шәкірттік өмірмен “қош – қош” айтқызып, азамат деп аталатын айбынды арғымақты ерттеп мінгізу.