Мемлекеттік рәміздерді насихаттау және қолдану бойынша бағдарламаны іске асыру шеңберінде "№ 33 ЖОМ" ММ 13 қазан күні оқушылардың ҚР Мемлекеттік рәміздері туралы білімдерін кеңейту, азаматтық және патриоттық , Отанға деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері өзінің тарихи тамыры мен дәстүрі бар жас егемен мемлекетті бейнелейді.Сондықтан, әрбір адам үшін өз елінің қасиетті рәміздеріне деген шынайы құрмет пен ерекше қарым-қатынасты өскелең ұрпаққа жеткізу қажет. Мемлекет рәміздері: Ту, Елтаңба, Гимнді зерделеу, олардың мәні мен маңызын түсіндіру Тәуелсіз Қазақстанның болашақ азаматтарын тәрбиелеудегі негізгі бағыттардың бірі болуға тиіс. Мемлекеттік рәміздерді насихаттау және қолдану бойынша бағдарламаны іске асыру шеңберінде "№ 33 ЖОМ" ММ 13 қазан күні оқушылардың ҚР Мемлекеттік рәміздері туралы білімдерін кеңейту, азаматтық және патриоттық , Отанға деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін тәрбиелеу мақсатында "Мемлекеттік рәміздерге ұқыпты қарау" бірыңғай сынып сағаты өткізілді.
Оқушылар мемлекеттің қалыптасудағы барлық қиындықтардан абыроймен өтіп, кеңестік кеңістіктегі экономикалық және саяси көшбасшыға айналған, ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің эталонына, қазақ халқының мәдениеті мен тарихи мұрасына құрметпен қарайтын ел үшін мақтаныш сезіміне бөленді.