Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8 (7182) 53-71-04
email: sosh35@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ш. Айманов к-сі, 37
8 (7182) 53-71-04
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-ден 19.00, Жұма 14.00-ден 19.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестерді құру туралы
01-02-2022 17:22

«Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестерді құру туралы»

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген Білім беру Ұйымдарында Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидаларының және оны сайлау тәртібінің (бұдан әрі - Қағида) 5- тармағын іске асыру мақсатында Қазақстанның 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 қаулысына сәйкес арнайы білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңесті қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Қамқоршылық кеңес құрамы берілген ұсыныстарға сәйкес, үміткердің жазбаша келісімі негізінде қалыптастырылады.

       Қағиданың  7- тармағына сәйкес Қамқоршылық кеңестің құрамына: жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері, жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің өкідері, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері (бар болса),ата-аналар комитеті ұсынған әрбір параллель сыныптан, курстан сол білім беру ұйымында білім алушылардың бір ата-анасы немесе заңды өкілі,  қайырымдылық жасаушылар (бар болса) кіруге болады.

 Жоғарыда айтылғандардың негізінде, Қамқоршылық кеңесінің мүшесі болу үшін «№35 жалпы орта білім беру мектебі» КММ 53-71-04 байланыс телефоны арқылы хабарласуға болады. Ұсыныстарды қабылдау мерзімі 2022 жылдың 14 ақпанына дейін.