Әдістемелік жұмыс
Әдістемелік жұмыс – бұл ғылым мен педагогикалық озат тәжірибе жетістіктеріне және оқу-тәрбие жұмысының нақтылы жағдайына сүйене жүргізілген, өзара байланысты іс-әрекеттер мен шаралар жүйесі, ол әрбір мұғалім мен тәрбиешінің біліктілігін, кәсіби шеберлігін жан-жақты арттыруға бағытталған (мұғалімдердің өз бетімен кәсіби білімін көтеруін, өзін-өзі тәрбиелеу, жетілдіру шараларын басқаруды қоса) шаралар, педагогикалық ұжымның ілімдік мүмкіндік шамасын дамыту және арттыру, сайып келгенде, оқу-тәрбие жұмысын жетілдіру, нақты оқушыны білім, тәрбие алу және даму деңгейіне жеткізу.
• Бүгін қазақ тілі мен әдебиеті және тарих әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті. Отырыс барысында өткен оқу жылдың қорытындысы, яғни, мақсатына жеткен және жетпеген іс-шаралар талқыланып, жаңа оқу жылына мақсаттары мен міндеттері анықталды.