Пәндік олимпиада
Пәндік олимпиадалар- оқушылардың білім деңгейін тексерудің бұқаралық сипаттағы жарыс түрінде өткізілетін бірден-бір формасы. Мектеп оқушылары арасында пәндік олимпиада өткізудің басты мақсаты - дарынды оқушыларды іріктеу, білім мен тәрбие берудің оңды жолдарын іздестіру.
Мектебімізде жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық пәндер бойынша 2-11 сынып оқушылары арасында Республикалық пәндік олимпиадасының мектепішілік кезеңі өтті.
Оқушыларымыз олимпиадаға қызығушылық танытып, деңгейлік тапсырмаларды орындады.