Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8 (7182) 53-71-04
email: sosh35@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ш. Айманов к-сі, 37
8 (7182) 53-71-04
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-ден 19.00, Жұма 14.00-ден 19.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мектебімізде жалпы мектептік ата-аналар жиналысы
10-11-2022 23:54
Мектебімізде жалпы мектептік ата-аналар жиналысы

Ой санасы дамыған, адамгершілік және дене тұрғысынан салауатты , мәдениетті тұлғаны жан-жақты қалыптастыруды көздеген тәрбиенің мәселелері мектепті де, ата - ананы да әрқашан толғандырып келеді. Тәрбие жұмысының табысты болуының басты кепілі мектеп пен ата-аналар арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынаста.
Бүгін мектебімізде жалпы мектептік ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысқа құқық бұзушылықтың алдын алу туралы баяндама жасауға мектептің жетекші прокуроры Жумашев Олжас Амангельдинович шақырылды. Прокуроpдың баяндамасынан кейін ата-аналар өздерін мазалаған сұрақтарын қойып, тиісті жауап алды .
Жиналыс барысында мектеп психологы мектеп пен ата-аналардың қарым-қатынас туралы айтып, буллинг, суицид фактілерді алдын алу жолдарына тоқталды. Сонымен бірге I тоқсанда оқушылардың олимпиадаларда, оқуларда, спорттық және шығармашылық сайыстарда жеткен жетістіктері туралы ақпарат беріліп, дарынды оқушылармен жұмыс барысы талқыланды.