Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8 (7182) 53-71-04
email: sosh35@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ш. Айманов к-сі, 37
8 (7182) 53-71-04
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-ден 19.00, Жұма 14.00-ден 19.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Тәуелсіздік күніне орай мектепте өткізілген «Рухым барда бойымдағы сөнбейді от» атты іс-шараның «Қолтаңба құдіреті» атты үшінші бағыты
15-12-2022 15:32
Тәуелсіздік күніне орай мектепте өткізілген «Рухым барда бойымдағы сөнбейді от» атты іс-шараның «Қолтаңба құдіреті» атты үшінші бағыты

Тәуелсіздік күніне орай мектепте өткізілген «Рухым барда бойымдағы сөнбейді от» атты іс-шараның «Қолтаңба құдіреті» атты үшінші бағыты кітапханада жалғасын тапты. Мақсаты: Ақын-жазушылардың қолдарынан сыйланған кітаптарға қолтаңба жаздыру арқылы рухани дүниені дәріптеу.
Кешке 8-11 сынып оқушылары қатысты, кеш қонақтары: «Найзатас» журналының редакторы - Асыл Әбіш, республикаға танымал көркемсөз оқу шебері, Абай шығармаларын насихаттаушы Даниял Әсенов, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын-журналист Еламан Қабдыләшім және Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Бұқар Жырау музейінің директоры Ербол Қайыров.
Кеш қонақтары жазушы мен оқырман арасындағы алтын жіптей үзілмей жүрген қолтаңбаның құндылығы, маңыздылығы жайлы және оқушылардың қойған сауалдары бойынша ақындық пен шешендік өнер жолы туралы әсерлі әңгімелерін айтып, оқушылардың сауалдарына жауап берді. Қаламгерлер кітапханаға өздерінің жинақтарын қолтаңба жазып сыйға тартты.
8 «Б» сынып оқушысы Манаспеков Темірлан ақын-журналист Еламан Қабдыләшімнің өлеңін оқыды.
Тәуелсіздік күніне және «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында жергілікті қаламгерлердің шығармашыл шәкірттерімен жүздесуі және қолтаңба жазу арқылы кітапханаға сыйға берілген кітаптарды оқудың рухани құндылығының маңызы зор екенін айтуға болады.

#Тәуелсіздіктұғырым
# Оқуғақұштармектеп
Карибаева А К.