Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8 (7182) 53-71-04
email: sosh35@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ш. Айманов к-сі, 37
8 (7182) 53-71-04
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-ден 19.00, Жұма 14.00-ден 19.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мектепішілік оқу кабинеттерінің байқауы
18-05-2011 03:20

       Мектептің оқу–тәрбие жұмысының жоспары мен № 35 жалпы орта білім беру мектебінің 2011 жылғы 18 сәуірдегі № 1-03/74бұйрығы негізінде 2011  жылғы сәуірдің 26 күні  оқу кабинеттерінің байқау-сайысы өткізілді.  

    Байқау-сайысты ұйымдастыру мақсаты: 1. Білім беру үдерісі жағдайын жақсарту мен Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт талаптарын жүзеге асыруда пән кабинеттерінің ролін арттыру; 2. Заман талаптарына сай жабдықталған кабинеттердің сәйкестігін байқау, үздік оқу кабинеттерін анықтау   болып табылды.

    Оқу кабинеттерін сараптаудың талаптары мен өлшемдері пән кабинеттерінің байқау-сайысының Ережесі бойынша анықталды. Оқу кабинеттерін тексеру үшін комиссия құрамына директордың шаруашылық және тәрбие ісіі жөніндегі орынбасарлары, кәсіподақ ұйымының төрағасы, 5 бірлестік жетекшілері, тәжірибелі ұстаздар алынды.

      Байқау барысында комиссия құрамы мектептегі 27 кабинетті (№ 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 25, 26, 27, 28, 29, 210, 211, 212, 31, 32, 33, 34, 40, 40/1, 42, 43, 44, 46, 47) тексерді.  Қалалық пән кабинеттерінің байқау-сайысына қатысқан 6 кабинет (№ 30, 35, 36, 37, 24, 41)   байқау-сайыстан босатылды.  Оқу кабинеттерінің жағдайы 3 негізі бағыт: кабинеттің жабдықталуы, оқу кабинетінің безендірілу мәдениеті, техникалық қауіпсіздік ережелері мен санитарлық-гигиеналық норма талаптарын сақтау және мемлекеттік рәміздердің стандартқа сәйкестігі мен орналастыру жағдайы бойынша бағаланды.

   Комиссия мүшелері көпшілік кабинеттердің қажетті оқу құралдарымен жабдықталғанын, оқушылардың санына кабинеттің сыйымдылық мөлшері мен гигиеналық нормаларына сәйкестігін, күн сәулесінің  түсу мөлшеріне сәйкес кабинеттің боялуын, оқу құралдарымен жабдықталуын, бөлме өсімдіктері мен перделері болуы мен орналастыруын  атап өтті.

       Байқау барысында ерекше назар кабинеттің мазмұнына аударылды.           

      Байқау қорытындысы мектеп бойынша оқу кабинеттерінің деңгейін анықтауға мүмкіндік берді.