Мектептің оқу–тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес 2011 жылғы мамырдың 5 күні мектепішілік «Жыл мұғалімі – 2011» сайысы өткізілді.
Сайысты ұйымдастырудың мақсаты: 1. Мектеп ұстаздары арасында мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру, шеберліктерін шыңдау; 2.Заман талабына сай жаңаша ойлап, жаңаша әрекет жасайтын, шығармашыл ұстазды анықтау; 3. Мұғалім келбетінің әлеуметтік және кәсіби жағымды келбетін қалыптастыру, инновациялық педагогикалық технологияларды қолдау және марапаттау болып табылды.
«Жыл мұғалімі – 2011» сайысының бөлімдері мен сайысты бағалаудың талаптары мен өлшемдері сайыстың Ережесі бойынша анықталды. Сайысқа Ережеде белгіленгендей, мектепте жұмыс жасайтын әр бірлестіктен 1 ұстаз және ұзартылған күн тобынан бір тәрбиеші қатысты. Сайысқа 6 ұстаз қатысты: Айтуғанова Б.Е. (математика, информатика, физика пәндері бірлестігі), Джакипова М.А. (жаратылыстану пәндер бірлестігі), Калемшара С. (қоғамдық-гуманитарлық пәндер бірлестігі), Қайнарбекова Г.Ә. (ұзартылған күн тобы), Рахметова Д.С. (эстетикалық пәндер бірлестігі), Шакирова З. О. (орыс тілі мен әдебиеті және ағылшын тілі пәндер бірлестігі).
Сайыс барысы 5 кезеңнен тұрды:
І кезең – Таныстыру;
ІІ кезең – «Менің бір аптам»;
ІІІ кезең – «Заң білгеннің көзі ашық»;
IV кезең – Педагогикалық жағдаятты шешу;
V кезең – «Өнерлі өрге жүзеді»;
Сайыс барысында сайыскерлердің бір жыл бойы жұмыстары зерделеніп бағаланды. 2010-2011 оқу жылы барысындағы ұстаздарымыздың жеткен жетістіктері мен мектептің оқу-тәрбие үрдісін арттыру бағытындағы іс-әрекеттері, әдістемелік құжаттары сарапқа салынып бағаланды
Сайыстың барлық түрін қорытындылай келгенде:
І орын – «Жыл мұғалімі – 2011» атауына Шакирова З.О. ие болды;
ІІ орынды – Айтуғанова Б. Е. иеленді, ІІІ орынды – Джакипова М.А. мен Калемшарав С. бөлісті. «Көрермен көзайымы» номинациясына – Рахметова Д.С., «Ең белсенді» номинациясына Қайнарбекова Г.Ә. ие болды.