Сенім телефоны
8 (7182) 53-71-04
email: sosh35@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ш. Айманов к-сі, 37
8 (7182) 53-71-04
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-ден 19.00, Жұма 14.00-ден 19.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Сап және саптық ән» байқауы
28-04-2023 13:33
«Сап және саптық ән» байқауы

5- 10 сыныптар арасында Отан қорғаушылар күніне орай, әскери-патриоттық іс-шаралар айлығы барысында, «Сап және саптық ән» байқауы өтті.
Оқушылар әскери үлгіде, Қазақстан Республикасы мемлекеттік туына сап түзеп, мемлекттік әнұран шырқады. Саптық байқаудың мақсаты:
-Топтағы сап құрамында ұйымдасқан түрде бірлесе іс-әрекет ету қимылдарын жетілдіру;
-Сап қозғалысын басқару, саптық жарғылардың талаптарынан түсінік қалыптастыру;
-Салауатты өмір салтын дәріптеу;
-Оқушылардың бойында патриоттық сезімдерін, Отансүйгіштік қасиеттерін дамыту;
-Жауынгерлік дәстүрлерді дәріптеу, аға ұрпақ ерліктерін құрметтеу.
Құттықтау сөз алған мектеп басшысы Гаухар Болатовна Бектемирова Тәуелсіз Қазақстан елінің тарихы – Отаншылдықтың, ерліктің, елдіктің не екенін дәлелдейтін, тамыры терең бай тарих, Егемен еліміздің ертеңі, текті, намысты ұрпақ екенін айтып саптық байқауға қатысушыларға сәттілік тіледі.
Сынып командирлері АӘТД пәні оқытушысы, лейтенант Аманжол Қабдрахманович Джамбусиновқа саптық байқауға дайын екендігін баяндап, орынында тұрып немесе қозғалыста, бөлімше, сынып құрамында сапта тұрып немесе жеке тұрғанда орындалатын саптық қимылдарды, әнмен өтуді практика жүзінде көрсетті.
Қазылар алқасының ардақты мүшесі ретінде Ауған соғысы ардагерлер облыстық қоғамының өкілі Ержан Қайсаринов шақырылды. Қазылар алқасының шешімімен саптық байқауға қатысушыларды қортындылай келе, жеңімпаздар анықталып,
1 орынға- 8 «А», 6 «А» сыныптары
2 орынға- 10 «Ә», 7 «Ә» сыныптары
3 орынға- 10 «А», 5 «А» сыныптары ие болды.
Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталды.