Телефон доверия
8 (7182)53-71-04
Адрес: Айманова, 37
8 (7182)53-71-04
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Среда с 14.00 до 19.00, Пятница с 14.00 до 19.00
За год0
За месяц0
За неделю0
Вчера0
«Әлеуметтік әмиян» жобасы Павлодар облысында іске асырылуда
12-09-2025 12:48
«Әлеуметтік әмиян» жобасы Павлодар облысында іске асырылуда

«Әлеуметтік әмиян» жобасы Павлодар облысында іске асырылуда

«Әлеуметтік әмиян» жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 26 қарашадағы сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 82-тармағын орындау мақсатында жүзеге асырылуда.
Аталған жоба азаматтардың мемлекеттік қолдау шараларын алуын жеңілдетуге бағытталған. Қазіргі таңда әлеуметтік осал топтарға жататын 5-11 сынып оқушылары мен 1-4 сынып оқушыларына тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету жобасы іске асырылып жатыр. Ата-ана E-gov mobile қосымшасы арқылы өз баласына арналған тегін ыстық тамақ ваучерін белсендіре алады.
Ата-аналарға арналған ваучерді белсендіру алгоритмі:
1.Ата-аналар смартфонға E-gov mobile мобильді қосымшасын жүктеп, орнатуы қажет.
2.Қосымшадағы «Әлеуметтік әмиян», «Ыстық тамақ» бөлімін тауып, баласының атына ваучерді активация жасау керек.
3.Ваучерді активация жасағаннан кейін, әр балаға қосымшада бірегей QR-код беріледі. Бұл кодты балаға жіберу керек (бала смартфон пайдаланса – телефонға, пайдаланбаса – қағазға басып шығару арқылы).
Жоба екі құрал арқылы іске асырылады:
1.700-ден астам оқушысы бар мектептерге аппараттық-бағдарламалық кешен (АБК) орнату. Балалар асханаға баруын мектептен берілген пластикалық карта арқылы немесе оқушыларға арналған тегін жол жүруге арналған Avtobys көлік картасы арқылы тіркей алады.
2.700-ден аз оқушысы бар ауылдық мектептерге арналған тегін «Бизнес әмиян» мобильді қосымшасы. Мұнда бала QR-кодты сканерлеу арқылы тіркеледі.
Анықтама үшін: Бүгінгі таңда 102 мектепке АБК орнатылған, оның ішінде 68-і қалалық, 33-і аудандық мектептер. Ал «Бизнес әмиян» қосымшасына 239 мектептің барлығы қосылған.
Осылайша, ата-аналар күн сайын баласының тамақтанғаны туралы хабарлама алып отырады. Балалардың тамағына ақы білім беру бөлімдері нақты тұтыну фактісі бойынша төлейді, бұл бюджет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік береді.