"Ұрпақ үні” мега кешенді жобасының “Бала би” бағыты – баланың ойлау өнерін, шешендік қабілетін және әділдікке деген көзқарасын қалыптастырады.
"Ұрпақ үні” мега кешенді жобасының “Бала би” бағыты – баланың ойлау өнерін, шешендік қабілетін және әділдікке деген көзқарасын қалыптастырады. Мектебімізде оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту және ойды дәлелдей білу дағдыларын қалыптастыру мақсатында іс-шара өткізілді. Шара барысында балалар айтысып, пікірталас жүргізуді үйреніп, өз ойларын ашық айтуға және қарсы пікірді құрметтей отырып жауап беруге дағдыланды.
