Мектебімізде «Заң және тәртіп» айлығының қорытындысына арналған мазмұнды шара ұйымдастырылды.
Мектебімізде «Заң және тәртіп» айлығының қорытындысына арналған мазмұнды шара ұйымдастырылды. Шараға полиция қызметкерлері қатысып, оқушыларға құқықтық тәрбие берудің маңыздылығы туралы тағылымды ойларымен бөлісті. Сонымен қатар, тақырыпқа сай тәрбиелік мәні зор қойылым көрсетіліп, көрермендерге заңды сақтау мен жауапкершіліктің мәнін терең ұғындырды.
Айлық барысында мектеп оқушылары бекітілген жоспарға сәйкес күн сайын түрлі іс-шараларға белсене қатысып, құқықтық сауаттылықтарын арттырды. Аталған жұмыстар оқушылардың тәртіпке бағыну, заңды құрметтеу және азаматтық жауапкершілікті сезінуіне үлкен ықпал етті.


