Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8 (7182) 20-90-99
Адрес: Айманова, 37
8 (7182) 22-43-05
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Среда с 14.00 до 19.00, Пятница с 14.00 до 19.00
За год0
За месяц0
За неделю0
Вчера0
Құттықтаймыз!
14-04-2026 16:07
Құттықтаймыз!

Марғұлан университетінде жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және дене шынықтыру пәніне деген қызығушылықты арттыру мақсатында «Спорт – саулық кепілі» атты олимпиада ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға қала мектептерінің оқушылары қатысып, өз білімдері мен спорттық шеберліктерін сынға салды.
Олимпиада мектептегі дене шынықтыру пәнінің негізгі бағыттары бойынша өтті. Атап айтқанда, қатысушылар теориялық білім, гимнастика, волейбол және баскетбол түрлері бойынша бақ сынасты. Бұл оқушылардың тек физикалық дайындығын ғана емес, сонымен қатар спорт саласындағы теориялық білім деңгейін де анықтауға мүмкіндік берді. Мектебіміздің оқушылары белсене қатысып, жоғары нәтиже көрсетті. Спортқа деген қызығушылықтарыңыз, жеңіске деген ұмтылыстарыңыз - үлгі боларлық. Сіздердің еңбектеріңізге алғыс айтамыз.
Дене шынықтыру пәні мұғалімі: Жумжуманов Д.Г
Оқушыларды спортқа дайындап, жоғары нәтижеге жетуіне қосқан үлесі үшін Жумжуманов Дастан Габитовичке алғыс білдіреміз.
Жеңістеріңіз құтты болсын!