«Құқықтық отбасы» тақырыбындағы зияткерлік «Брейн-ринг» ойыны
Құттықтаймыз!
Павлодар облысының білім беру басқармасы ұйымдастырған «Заң және тәртіп» идеологиясы аясындағы «Құқықтық отбасы» тақырыбындағы зияткерлік «Брейн-ринг» ойынында мектебіміздің «Сұңқар» командасы II орын иеленді!
Команда мүшелері Касенова Бахыт Саршаевна мен Дайкен Нұрияны жүлделі орындарымен шын жүректен құттықтаймыз! Отбасылық бірліктеріңіз жарасып, білімге деген құштарлықтарыңыз арта берсін!
Команданы дайындап, қолдау көрсеткен жетекшісі Шарбакбаева Айнагүл Адамовнаға еңбегі мен кәсіби шеберлігі үшін алғыс білдіреміз!
Алдағы уақытта да толағай табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз!
