«Менің таңдауым – адалдық»
М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайында «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы аясында ұйымдастырылған «Менің таңдауым – адалдық» атты іс-шараға мектебіміздің 4 «Ә» сынып оқушылары қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың бойында адалдық, әділдік, жауапкершілік пен адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру, дұрыс таңдау жасауға тәрбиелеу.
