Сенім телефоны
8 (7182) 53-71-04
email: sosh35@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ш. Айманов к-сі, 37
8 (7182) 53-71-04
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-ден 19.00, Жұма 14.00-ден 19.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Республикалық «Денсаулық фестивалі-2011» акциясы аясында № 35 жалпы орта білім беру мектебіндегі Денсаулық күнінің өтуі туралы ақпарат
14-09-2011 02:54
Республикалық «Денсаулық фестивалі-2011» акциясы аясында № 35 жалпы орта білім беру мектебіндегі Денсаулық күнінің өтуі туралы ақпарат

   Мектебімізде Республикалық «Денсаулық фестивалі-2011» акциясы аясында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Шынығу белсенділігі - сау ұлттың кепілі» ұранымен Денсаулық күні өткізілді.

Мақсаты:

- Оқушылардың денсаулықтарын нығайту, ағзаларын шынықтыру;

- Салауатты өмір салтын күнделікті өмірде қалыптастыруға баулу, нығайту;

- Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай табиғаттың сұлулығын өнермен, музыкамен ұштастыру, салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

         Денсаулық күніне бүкіл мектеп жұмыла қатысты. 1-5 сынып оқушылары үшін мектеп жанында спорттық жарыстар, ойындар ұйымдастырылса, 6-11 сынып оқушылары  (239 оқушы) «Жасыл желекке» серуенге апарылды. Іс шара мектеп жанындағы саптүзеуден басталып, денсаулық күнінің өту жоспарымен таныстырылды және дене шынықтыру мұғалімі Жұмжұманов Д. Ғ. оқушыларға жалпы ЖЖЕ, қауіпсіздік ережелерін естеріне салып, инструктаж өткізді. Сағат 8.40. мектептен шығып, сағат 9.50  арнайы белгілеген орында болдық.

      Сағат 10.00-ден  жоспар бойынша спорттық жарыстар, «Дастархан», «Табиғат ғажайыбы» сайыстары өткізілді. «Дастархан» сайысында 1-орын алған 10«А» сыныбы жетекшісі Манабаева Г.Р, 2-орын алғандар 6«А», 9«А», 10«Ә», 11«А»,  11«Ә». Бұл сыныптар дастархандарының эстетикалық әсемдігімен, тағамдардың түрлілігімен және дастарханды қорғау шеберліктерімен ерекшеленді.

       «Табиғат ғажайыбы» сурет салу сайысында 1-орын алған 6«А, 7«Ә», 10«А», 11«А» сыныптары, 2-орынға ие болған 9«А». Бұл сайыста жұмыстың уақытымен орындалуы, салынған суреттің мазмұндылығы және эстететикалық әсемдігі бағаланды.

    Салауатты өмір салтын нығайту мақсатында дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері  6 сыныптар арасында көңілді мәре, 7 сыныптар арасында ұлттық ойындар, 8 сыныптар арасында футбол ойыны, 9 сыныптар арасында эстафеталық жарыс, 10-11 сыныптар арасында жалпы дене дайындық сайыстары ұйымдастырылды. Көңілді мәреде 1-орынға 6«Ә», 2-орынға 6«А» иеленсе, Ұлттық ойындарда алға шыққан 7«А» сыныбы болды. Футбол ойынында жеңіске жеткен   8«А» сыныбы, 2-орында 8«Б» сыныбы болды. 9 сыныптар арасындағы эстафеталық жарыста 9 «А» 1-орында, 9«Ә» 2-орынға ие  болды. Сағат 11.30 оқушыларды линейкаға жинап, қорытынды жасалып, марапаттау рәсімі өткізілді.

       Жалпы мектеп бойынша бастауыш сыныптардан 285 оқушы мектеп жанында, жоғары сыныптардан 239 оқушы   «Жасыл желекте» демалса, 40 оқушы қалалық шараға қатыстырылды.