Сенім телефоны
8 (7182) 53-71-04
email: sosh35@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ш. Айманов к-сі, 37
8 (7182) 53-71-04
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-ден 19.00, Жұма 14.00-ден 19.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Облыстық «Тілдер айлығы» шеңберінде өткізілген «Тіл – татулық тірегі» атты Қазақстан халықтарының тілдері апталығының өтуі туралы
29-09-2011 07:30

       14-21 қыркүйек аралығына қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері апталық жоспар құрып, іс-шаралар ұйымдастырды. Қыркүйектің 14-і күні апталық салтанатты жиынмен ашылды (ұйымдастырушы ӘБ жетекшісі Нәжім М.Б.). Жиында қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өлеңдер оқылып, апталық жоспары таныстырылды. Оқушылар ән айтып, би биледі.

        Апталық аясында өткізілген шараларға тоқталсақ:

     10-сыныптар арасында «Тіл және қоғам» тақырыбында ойталқы өтті (Пән мұғалімі Манабаева Г.Р.). Ойталқыда оқушылар қазақ тілінің  бүгіні, ертеңі туралы пікірлерін ортаға салып, тілді құрметтеу, қадірлеу, шұбарламау мәселесін қозғап, тартысты өтті.

       9-сыныптар арасында жүргізілген «Тіл білгірлері» ғылыми-практикалық конференциясында оқушылар тіл білімі ғалымдары А.Байтұрсынов, К.Аханов, Р.Сыздықова, Ө.Айтбаев, М.Балақаев т.б. ғалымдардың өмірі мен ғылыми еңбектері бойынша ақпарат жинап, слайд дайындап, оқушыларды таныстырды (Пән мұғалімі Үзбен Айна).

      8-сыныптар арасында «Тілге құрмет – елге құрмет» тақырыбында интеллектуальды сайыс болды (ұйымдастырушы Калемшарав С.). Сайыста оқушылар қазақ тілі бойынша өз білім-біліктерін сарапқа салды.

        6 «Б» сыныбында «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» атты сайыс өтіп, балалардың мақал мен жұмбақтар туралы тартысы жасалды (Пән  мұғалімі Қайдарова С.Е.).

     Сонымен қатар 5-7-сыныптар аралығында «Тіл – татулық тірегі» тақырыбында шығарма жазу сайысы ұйымдастырылды. Мазмұнды деп танылған шығармалар марапатталды.

         Апталықтың жабылу салтанаты да ерекше өтті. Іс-шараларға белсене қатысқан оқушылар алғыс хатпен, мадақтама қағаздарымен марапатталды. Балалар ұлттық би билеп, күй шертіп, тіл тақырыбына арналған өлеңдерді оқыды.

       Апталыққа оқушылар белсене қатысып, тілдің құдіретін танып, тұлғалақ құзыреттіліктерін шыңдай білді. Жүргізілген іс-шаралардың  білімділік, тәрбиелік  мәні жоғары болды деуге болады.

                                                                                ӘБ жетекшісі: Нәжім М.Б.