Жас қаламгер
Өмір
Өмір деген қиын ғой негізінде,
Біреу келер, біреу кетер бұл өмірге.
Қуанарсың бұл ғаламда мың рет,
Жығыларсың сүрінерсің сан рет.
Өмір деген сахна ғой, сен – әртіссін,
Ойнайсын әр рөлінде бұл өмірдің.
Мектепте оқушысың, үйде – бала,
Ал көшеде адамсың, бей таныс сірә...
Махаббат
Ерекше сезім бар бұл ғаламда,
Махаббат дейтін тән барлық адамға.
Жасы да кәрісі де бой алдырған,
Бұл сезім бар әлемді жаулап алған.
Жоқ қазір шын махаббат бұл ғаламда
Бәрі сатулы тек ақшаға,
Болған еді бұрында шын махаббат
Төлегенмен Қызжібек арасында.
Хамар Адина