Сенім телефоны
8 (7182) 53-71-04
email: sosh35@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ш. Айманов к-сі, 37
8 (7182) 53-71-04
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-ден 19.00, Жұма 14.00-ден 19.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы
30-04-2013 09:01
«Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы

30 сәуір күні №35 ЖОББ мектеп оқушыларының Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылданды

        Мектебімізде 1-мамыр  Қазақстан халықтарының бірлігі күні қарсаңында бірқатар іс-шаралар жоспарланып іске асырылды. Соның бірі 30 сәуір күні мектеп оқушыларының Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылдауына арналған салтанатты рәсімі.

          Мектебімізде 50 оқушы «Жас Ұлан» және 80 оқушы «Жас Қыран» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылданды. Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылдау салтанатына педагогикалық еңбек ардагерлері Қайшанова Сауле Қайниденқызы, Шөлкебаева Кенжекен Шөлкебайқызы, мектебіміздің ЖасҰландары мен Жас Қырандары,  «Арлан» жоғарғы сынып оқушылары кеңесі қатысты.

   Іс-шарада «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы Республикалық қоғамдық бірлестігіне  қабылданатын оқушыларға қошемет көрсетілді. Мектебіміздің мақтаныштары Халықаралық, Республикалық, облыстық және қалалық сайыстардың, спорттық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін  ортаға шақырылып, оларға салтанатты рәсімге келген қонақтар галстуктерін тақты.

     Бүгінгі күні мектебімізде 210 оқушы «Жас Ұлан» және 177 оқушы «Жас Қыран» қатарында.