№35 жалпы орта білім беру мектебінде ЖҚТБ/АҚТҚ ауруының алдын алу айлығы аясында «Біз ЖҚТБ-ға қарсымыз!» тақырыбында 8-9 сыныптар арасында презентация сайысы ұйымдастырылды.
Ұйымдастырылған сайыстың мақсаты: ЖҚТБ\АҚТҚ –ның қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдің залалын жан-жақты меңгерту, зиянды әдеттен барынша аулақ болуға шақыру. ЖҚТБ\АҚТҚ-ның адам өміріне зиянды әсерін аша отырып, олардың сана – сезімдерін тәрбиелеу және салауатты өмір сүруге тәрбиелеу. Сайысқа қатысқан 8-9 сыныптары берілген бағалау критериилері бойынша дайындалып, өз презентацияларын қорғады.
Сайыста 8 «а» сыныбы 1 орынға, 9 «а» сыныбы 2 орынға, 8 «б» және 9«ә» сыныптары 3орынға ие болды.