«Тәуелсіз ел – Қазақстан»
Желтоқсанның 11 күні кітапхананың ұйымдастыруымен тәуелсіздік мерекесіне орай «Тәуелсіз ел – Қазақстан» атты кеш өткізілді. Кешке 4 сынып оқушылары қатысты. Кештің мақсаты: оқушыларды отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу. Оқушыларды тәуелсіздік алғаннан кейінгі жетістіктермен таныстыру, білімдерін кеңейте түсу. Кеш барысында кітап көрмесі ұйымдастырылып, тәуелсіздік шежіресі бойынша слайд көрсетілді. Оқушылар Отан, туған жер, тәуелсіздік туралы өлеңдер оқыды.
