Сенім телефоны
8 (7182) 53-71-04
email: sosh35@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ш. Айманов к-сі, 37
8 (7182) 53-71-04
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-ден 19.00, Жұма 14.00-ден 19.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Зарница» әскери-патриоттық ойыны
11-02-2014 08:13
«Зарница» әскери-патриоттық ойыны

    Мектемізде 10 ақпан күні Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанының 25 жылдығына орайластырып,  оқушылардың бойында қазақстандық  патриотизмді және батыл жігерлі рухты тәрбиелеу, салауатты өмір салтын дәріптеу, экстрималды және төтенше жағдайларда жауынгерлік жеке қасиеттерді қалыптасыру мақсатында «Зарница» әскери-патриоттық ойыны ұйымдастырылды. Ойынға Ауған соғысына қатысқан ержүрек ағаларымыз  Қазбаев Мұрат Кенстанович пен Какашин Қайрат Жаңбырбаевич  қонақ ретінде шақырылып,  қысқаша  Ауған соғысы туралы айта отырып, болашақ Отан қорғаушыларымызға алғашқы әскери құжаттарын тапсырды. 

    “Зарница” ойынына мектебіміздің 8сынып оқушылары қатысты.  

    Ойыннан дене шынықтыру сабағынан босатылған және ДКК анықтамасы бар, өзін нашар сезінетін оқушылар борсатылып, негізгі үш команда қатысты: қызылдар, көктер, жасылдар.

    Ойын бағдарламасы негізгі үш кезеңнен тұрды:

I.Саптық байқау.

II. Жекелеген топтар жарысы.

III. Қорытындылау.

    Ойын дәстүр бойынша саптық байқаудан басталды. Байқау өткізілгеннен кейін әр командадан «медбибілер», «барлаушылар» және «жедел топ» мүшелері жарыстарға қатысты.

    Медициналық топ үшін алғашқы көмек көрсету бойынша әскери-спорттық эстафета өткізілді.

    Барлаушылар үшін Морзе әліпбиін пайдаланып, құпиясөзді шешіп, топографиялық карта бойынша белгіленген орыннан заттарды алып келу т.б. тапсырмаларыорындалды.

    Жедел құрам үшін әскери-спорттық эстафета өткізілді.Әр команда «Жауынгер парағы» газетін шығарды.

    2014 жылғы «Зарница» әскери- спорттық ойынының қорытындысы бойынша «жасылдар» командасы 8 «Б» сыныбы жеңімпаз атанып, қалалық сайысқа қатысу жолдамасына ие болды !