Павлодар қаласының №35 жалпы орта білім беру мектебінде мемлекеттік тілде оқытатын бастауыш сынып мұғалімдері үшін «Оқушылардың танымдылық қабілеттерін құзыреттілікке бағытталған тапсырмалар арқылы қалыптастыру» атты қалалық семинар өтті.
«Инновациялық педагогикалық тәжірибені тарату» тақырыбы бойынша Шарипова Т.Ш.: Мұғалімдерге инновациялық тәжірибенің ақпараттық картасымен, инновациялық жобаны жазу ретімен, педагогикалық тәжірибені тарату және рәсімдеу жолдарымен таныстырды. «Оқушылардың танымдылық қабілеттерін құзыреттілікке бағытталған тапсырмалар арқылы қалыптастыру» тақырыбында Шарипова Т.Ш. және «Инновациялық технологияны қолдана отырып, оқушылардың құзыреттілігін артырудағы әдіс-тәсілдері» тақырыбында Шарбақбаева Б.Қ.өз тәжірибелерімен алмасты. Семинарға қатысқан мұғалімдер сұрақтар қойып, өз ойларымен бөлісті.