Сенім телефоны
8 (7182) 53-71-04
email: sosh35@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ш. Айманов к-сі, 37
8 (7182) 53-71-04
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-ден 19.00, Жұма 14.00-ден 19.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Туберкулездің алдын алайық»
18-03-2014 04:00
«Туберкулездің алдын алайық»

    № 35 жалпы орта білім беру мектебінде туберкулез ауруының алдын алу  айлығы аясында «Туберкулездің алдын алайық» тақырыбында 1-11 сынып оқушылары арасында тәрбие сағаттары ұйымдастырылды.  «Туберкулез жұқпалы ауру» тақырыбында  12 наурыз күні 1-10 сынып оқушыларынан  диктант алынды. 14 наурыз күні  «Туберкулезден сақтануға бола ма?» тақырыбында дөңгелек стол ұйымдастырылды. Мақсаты: оқушылардың сана-сезiмдерiн ояту, өз денсаулықтарын сақтаудың маңыздылығы, жеке бас гигиенасы туралы түсiнiк қалыптастыру. Қазіргі адамзат ұрпағына төніп тұрған проблеманың түйінін ашу. Туберкулез сияқты аурудың пайда болуын, қоғамға, адамға осы аурудың зардабын түсіндіру. Жаман әдеттерден бойларын аулақ салуын, санитарлық- гигиеналық талаптарға сай болуын қалыптастыру. Тазалыққа, ұқыптылыққа, жауапкершiлiкке тәрбиелеу. Дөңгелек столға 9 «а» сынып оқушылары қатысты. Мектебіміздің медбикесі Мағрипа Шернияздановна оқушыларға туберкулез ауруының белгілері,аурудың алдын алу шаралары туралы  мәлімет берді. Туберкулезден сақтану жолдары туралы  оқушылардың ойлары тыңдалды.