Сенім телефоны
8 (7182) 53-71-04
email: sosh35@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ш. Айманов к-сі, 37
8 (7182) 53-71-04
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-ден 19.00, Жұма 14.00-ден 19.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Жас қыран», «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына оқушыларды қабылдау
05-05-2014 04:32
«Жас қыран», «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына оқушыларды қабылдау

    29.04.2014 күні 1 Мамыр «Қазақстанхалықтарының бірлігі күніне» орай ұйымдастырылған«Жас қыран», «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына оқушыларды қабылдаудың салтанатты рәсімі өткізілді. 2 « Жас ұлан» ,  3 « Жас қыран» салтанатты іс-шарада оқушылар сапқа тұрғызылып Қазақстан Республикасының Ән ұраны орындалып, оқушыларды«Жас қыран», «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына  қабылданушыларға төсбелгі және галстуктерді табыстау рәсімін мектебіміздің директоры Асаинов Мұрат Бәкенұлы  және ұлағатты  ұстаздар  Манабаева Гүлбайрам Рахымқызы мен Қайшанова Сәуле Қайниденқызы табыстады. Оқушылар Жас қыран», «Жас ұлан» бірыңғай ұйымына кіру мақсатында ант қабылдады, ұйымның Әнұраны орындалып, Туы кіргізілді. Сеитова Дильдара мен Қаратаева Камила «Қазақ елі осындай» деген әнді орындап, іс-шараны көркемдей түсті. Жастарымыздың білімі терең, бейбіт өмір сүріп, Тәуелсіз еліміздің білімді азаматтары болып, ұрпақтарымыз қырандай күшті, ұлтжанды, әрқашан биік шыңдардан көрініп, Көк байрағымыз көгімізде желбірей берсін! ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!