Сенім телефоны
8 (7182) 53-71-04
email: sosh35@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ш. Айманов к-сі, 37
8 (7182) 53-71-04
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 14.00-ден 19.00, Жұма 14.00-ден 19.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Білім беру мазмұнын ізгілендірудің күшеюі, пәндерінің көлемі мен құрамының үнемі өзгеріске ұшырауы, жаңа оқу пәндерінің енгізілуі жаңа ұжымдық формалар мен оқыту технологиясын үздіксіз іздестіруді талап етуде.
04-09-2014 10:23
Білім беру мазмұнын ізгілендірудің күшеюі, пәндерінің көлемі мен құрамының үнемі өзгеріске ұшырауы, жаңа оқу пәндерінің енгізілуі жаңа ұжымдық формалар мен оқыту технологиясын үздіксіз іздестіруді талап етуде.

Білім беру мазмұнын ізгілендірудің күшеюі, пәндерінің көлемі мен құрамының үнемі өзгеріске ұшырауы, жаңа оқу пәндерінің енгізілуі жаңа ұжымдық формалар мен оқыту технологиясын үздіксіз іздестіруді талап етуде.

             Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде білім беру жүйесі қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру бүгінгі өмір тала­бы екенін айта келе: «Жаңа формацияға жаңа педагог қажет», –  деген. Демек, елі­міз­дің қазіргі мектептеріне жаңа заманға лайық «жаңа мұғалім» дайындау қажет. Мұның түпкі мақсаты – мұғалімдердің тәрбиешілік, педагогтық әлеуетін, қабіле­тін кеңірек ашу. «Жаңа мұғалімнің» бүгінгі заманда жаңаша ойлайтын, уақыт ағы­мы­мен үндес жұмыс істейтін, ең бастысы, жас ұрпақтың нағыз тәрбиешісі болғаны абзал. Өзіміздегі бар фундаментке өзгеріс жасауға мүмкіндіктер бар екенін курс барысында аңғардым. Педагог –мамандар арасында  7 модуль  арқылы  құрылымдық  қарым -қатынас  қалыптастыру,  топтық тәсіл арқылы тапсырмаларды бірлесіп орындау,бір-бірінен үйрену,тәжірибе алмасу,бірлесіп оқуға көмектесу, кәсіби өсуіне ықпал ету өте маңызды.
           2014 жылдың 25 тамызында  №35 жалпы орта білім беру мектебінде мүғалімдер арасында «Топтық жұмысты ұйымдастыру жолдарын үйрету» коучинг сабағын өткіздік.Осы тақырыпты алған себебіміз  – сынып оқушыларының сабақ үстінде алған  білімін толық жеткізе  алмау дағдысы және көшбасшылық қасиетінің болмауы еді. Сондықтан да,  біз  топ ішінде жұмыс жасату арқылы оқушыларды терең ойлауға, өз пікірін өзгелермен бөлісе алуға итермелеп, сыныптың әрбір оқушысының табысты оқушы болуына жол ашқымыз  келді. Мақсатқа жету жолдары жүйелі жоспарланды,жоспардың біразы іске асты,  әріптестер арасында ынтымақтастық орнады, қызығушылық бар.

         Кейін анықталғандай мұғалімдерді мазалайтын сұрақтар өте көп. Бәріне жауап тапқысы келеді. Қызығушылық басым. Бұл біздің мұғалімдеріміздің білуге ұмтылатынын, кедергілерден шығу жолын іздестіретінін, мақсаттың бар екенін көрсетеді. Сұрақтардың басым бөлігі сыныптағы оқушы мен мұғалімнің сабақ үдерісіндегі әрекетіне бағытталған. «Оқушыларды топтаудың тиімді жолдары қандай,  топта оқыту пайдалы ма, ашық сұрақтарды қоюдың қолайлылығы қандай, топтағы оқушылардың сабақ үдерісіне толық қатысқанын қалай анықтаймыз?» деген сұрақтарға басымдық беріліпті.  Іс–әрекеттің барысында осы сұрақтарға өздері бірге жауап табатынын, соңында табысқа бірге жететіндеріне сенімді.

№35 жалпы орта білім беру мектебі мұғалімдері А.Узбен, Қ.Х. Жунуспаева,  Орумбаева А. Д.

(коучер)